Ғалымдар опасыздық жасауға итермелейтін үш факторды атады - Әлем|14 Ақпан 2018, 09:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Ғалымдар опасыздық жасауға итермелейтін үш факторды атады

Флорида штатындағы университеттің ғалымдары ерлі-зайыптылардың опасыздық жасауына әсер ететін факторларды анықтады. Көп жағдайда жас азаматтардың сүйіктісіне опасыздық жасайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Флорида штатында орналасқан университеттің мамандары ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген адалдығына тартымдылық, жас және төсек ләззатына қанағаттанбауы әсер ететінін анықтады.

Ғалымдар жақын уақытта үйленген 223 адамның өмірін бақылады. Нәтижесінде жастардың көбірек опасыздық жасайтыны белгілі болды.

Опасыздық жасауға итермелейтін екінші фактор – төсек ләззатына қанағаттанбау. Ерлі-зайыптылардың интимдік қарым-қатынасы жақсы болса, олардың екеуі де ерекше шабытқа бөленіп жүреді.

Сыртқы келбетіне көңілі толмайтын әйелдер басқаларына қарағанда көбірек опасыздық жасайды. Мұнымен қатар, ер адамдар сүйіктісінің сырт келбетіне көңілдері толмаған кезде өзгелерге көз салады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер