BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Samsung Galaxy S9 және S9+ қаңтарда шығуы мүмкін

Фото: mobil.idnes.cz

Samsung компаниясының жаңа өнімі ең соңғы үлгідегі процессормен және 4 Гбайт жедел жадпен жабдықталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Galaxy S9 әрі S9+ смартфондарын тестілеу нәтижелерінің қорытындысы Geekbench бенчмаркінде SM-G960 және SM-G965 нөмірлерімен пайда болған. Егер жаңа телефон моделдерінің техникалық сипаттамасына назар аударсақ, олар ең соңғы үлгідегі Exynos 9810 процессормен жабдықталады. Сондай-ақ Galaxy S9-ға 4 Гбайт жедел жад орнатылып, ол жаңа үлгідегі Android 8.0 Oreo операциялық платформасында жұмыс істейді.

Phone Arena басылымының мәліметіне сүйенсек, биыл оңтүстіккореялықтар Galaxy S сериясымен шығатын смартфондарды уақытынан бұрын шығаруы мүмкін. Егер сыбыстарға сенер болсақ, Galaxy S9 және S9+ ұялы телефондары 2018 жылдың қаңтарында шығады.

Осыған дейін «life» басылымы Samsung компаниясының инженерлері жоғарыда аталған флагмандардың дизайнын жаңартуды қарастырып жатқанын жазған. Ондағы мәліметке сәйкес, телефондағы дактилоскопиялық сенсор камераның жанында емес, оның астында орналасады.

Сонымен қатар алдағы жылы Apple компаниясы бірден 3 жаңа IPhone-ды таныстырады. 3 смартфонның екеуі iPhone X-ке ұқсайтын болады. Бұл туралы MacRumors басылымына KGI Securities компаниясының сарапшысы Мин Чи Куо айтқан.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған 3 девайс дисплеймен, металл рамкамен және True Depth камералар жүйесімен жабдықталады. Смартфондардың ең қолайлысында 5,8 дюймды экран, ал iPhone X Plus 6,5 дюймды экран болады.

Сондай-ақ, Apple компаниясы шығаратын үшінші смартфонның бағасы қолжетімді болады деп болжануда. Ол 6,1 дюймды TFT-LCD экранымен жабдықталады. Аталған смартфон үшінші әлемдегі дамушы мемлекеттердің нарығында сатуға бағытталған.

KGI Securities компаниясының сарапшысы Мин Чи Куоның болжамынша, бұл смартфонның бағасы - 750 доллар болмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер