BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Францияда белгісіз азамат 7 адамды пышақтап тастады

Тулузу қаласында ер азамат «Аллаһу әкбар» деген ұранмен көшедегі азаматтар мен полицияға пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан 7 адам жарақат алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Le Parisien басылымына сілтеме жасап.

Ер азамат көшеде кетіп бара жатқан азаматтарға пышақпен шабуыл жасап, оларды ұрып соққан. Тұрғындар сол сәтте полицияға хабар береді. Олар дер кезінде оқиға орнына жетіп, күдіктіні тұтқындаған. Алайда ол соған қарамастан 3 тәртіп сақшысына қол көтеріп үлгеріпті.

Кейін белгілі болғандай, 7 азаматты пышақпен жарақаттаған ер азамат 1975 жылы туған. Күдікті психиатриялық ауруханада емделген көрінеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер