BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Филиппинде жойқын тайфуннан ондаған адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөзден

Филиппинде "Мангхут" тайфунынан қаза тапқандар саны 32-ге жеткен, 29 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ал 40-тан астам шахтер сел жүргеннен кейін жер астында қалып қойған.

Жергілікті телеарнаға сілтеме жасаған "РИА Новости" мəліметінше, бұған дейін құрбандар саны 25, із-түссіз жоғалғандар саны 13 болған.

"Ішінде 40-50 адам болған жекеменшік барақ сел жүруінің салдарынан жер астында қалып қойды. Біз олар қаза болуы мүмкін деп қауіптеніп отырмыз", - дейді тайфун соққан филиппиндік Итогон қаласының мэрі Викторио Палангдан.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, құтқарушылар үйінділер астынан төрт адамның денесін тапқан. Қазіргі таңда іздестіру операциясы жүргізіліп жатыр. Сел жүрген аудан тұрғындарының көбі - шахтерлер.

Мэрдің айтуынша, үйінділер астында қалған ғимаратты да кеншілер пайдаланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер