BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Автофестивальда 34 автокөлік өртеніп кетті

Канаданың Ниагара-он-Лейк қаласы маңында өтіп жатқан Niagara Lavender фестивалінде 34 автокөлік өртке оранды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent басылымына сілтеме жасап.

Автотұрақ ретінде қолданылған аумақ санаулы минут ішінде өртке оранған. Өрт 19 көлікті толықтай күйреткен, тағы он бесі аздап зақымданған. Жалпы шығын 1,2-1,5 млн долларға бағалануда.

Полицияның пайымдауынша, құрғақ шөпке тасталған шылымның тұқылы өрттің шығуына себеп болған.

Фестивальға келушілердің ешқайсысы өрттен зардап шекпеген. Алайда түтінге тұншығып қалған бірнеше өрт сөндірушіге медициналық көмек көрсетілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер