BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Facebook пайдаланушылардың әлеуметтік жағдайын анықтауды үйренді

Facebook компаниясы пайдаланушыларды қандай әлеуметтік класқа (жұмысшы, орташа немесе жоғары) жататынын анықтайтын алгоритмді патенттеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі Vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

Адамның әлеуметтік жағдайы бірнеше мәліметтер бойынша анықталады. Қолданушының Facebook-тегі деректеріне сәйкес және әлеуметтік желілерге қандай құрылғылардың көмегімен кіретіні, құрылғылардың саны (неғұрлым көп болса- оның табысының деңгейі де соншалықты жоғары), тұрғылықты жері, білім деңгейі және саяхатқа жиі шығу сияқты бірқатар факторларға сай анықтайтын болады.

Facebook ақпан айында компьютерлік алгоритмге бұл құқықты тіркеді. Бірақ, жаңа құрылғының қолданысқа қашан енетіні белгісіз. Компания 2 миллиардтан астам аудиторияға бағытталған жарнама ережелерін ашық түрде түсіндіріп отыр, мысалы, егер пайдаланушы саяхатқа қатысты парақшаларға жиі кіріп, әлемнің түрлі бөліктеріндегі картада белгіленген болса, алгоритмдер адамның жарнамалық туристік агенттіктерге қызығушылық танытатынын анықтауы мүмкін.

Facebook-тің алгоритмдері қазірдің өзінде пайдаланушының қандай сайтқа кіргенін біле алады. Бірақ, қолданушының өз еркіне сай парақшаның құпиялылық параметрлерінде бұл мүмкіндікті өшіруге болады, бірақ қалыпты жағдайда бұл функция қосулы тұрады.

Егер Facebook өзінің патенттелген алгоритмін қолдана бастаса, 2016 жылдың мамыр айында Еуропалық Парламент қабылдаған Жалпы Деректерді қорғау туралы Ережеге сәйкес (General Data Protection Regulation) оған түзетулер енгізуге тура келеді (2019 жылы күшіне енеді). Ал, жеке деректерді қорғау туралы жаңа заңға қайшы келетін компаниялар жылдық табыстың 4% немесе 20 млн евро айыппұл төлейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер