BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Еуропа мен Иран «ирандық келісімді құтқару» туралы келісті

Фото: ашық дереккөзден

Еуроодақ, Ұлыбритания, Франция мен Германия ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісімді сақтау үшін ортақ әрекеттерді мақұлдады. Бұл туралы Брюсселдегі Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зарифпен өткен келіссөздің қортындысы бойынша ЕО дипломатиясының басшысы Федерика Могерини мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Могерини атап өткендей, кездесуде ирандық ядролық бағдарлама бойынша бірлескен жан-жақты әрекеттер жоспарын (БЖӘЖ) сақтау туралы заңды кепілдеме келісілмеді. Тараптар тек келісімге қолдау көрсету бойынша экономикалық шараларды талқылады. Дипломат толықтырып кеткендей, бұл мәселе бойынша тәжірибелік шешімдерді жасақтау үшін сарапшылар деңгейінде жұмысты бастау туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.

«Біз заңды тұрғыда ешқандай кепілдемелерді келіскен жоқпыз. Мәселе осы келісімге қолдау көрсетуде нақты экономикалық шаралар туралы болды. Бүгінде басты мақсат – ирандық ядролық келісімді және оның барша аспектілерін құтқару», - деді ол.

ОЕ дипломатиясы басшысының айтуынша, мәселе Иран мұнайының экспортын сақтау және банк секторында ынтымақтастық орнату туралы болды.

Сонымен қатар, Федерика Могерини еуропалық мемлекеттер — халықаралық делдалдар «алтылығына» қатысушылар Тегеранмен ядролық келісім бойынша бір ұстанымда.

Айта кетейік, ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісім Иран және алты халықаралық делдалдың (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Германия) арасында 2015 жылдың 14 шілдесінде жасалды. Ал, ағымдағы жылдың 8 мамырында АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісімнен Американың шығатыны туралы мәлімдеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер