BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Ереван тұрғындары экс-президентке қарсы наразылық акциясын өткізді

Ереванда оппозиция жақтастарының азаматтық мойынсұнбау акциясы өтіп жатыр. Наразылық шеруі өтетін күн алдын ала жарияланған. Олар парламенттің 17 сәуірде бұрынғы президент Серж Саргсянның Армения премьер-министрі қызметіне ұсынуды дауысқа салуына қарсы шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Азаматтық келісім» партиясының жетекшісі, акцияны ұйымдастырушы Никол Пашинян жақтастарымен бірге Ереван орталығындағы бірнеше көшені бөгеп тастады. Оған студенттер қосылды. Метро қозғалысы 10 минутқа тоқтады, бірнеше көпір бөгелді, деп хабарлады Азатутюн радиосы.

Армения полициясы «белсенділердің барлық әрекетін заңсыз» деп атап, «азаматтардың еркін жүріп-тұруына бөгет жасады» деп сынады. Белсенділерге күш қолданғаны туралы мәлімет жоқ.

Николай Пашинян бастаған шерушілер полицияның бірнеше қоршауын бұзып өтті. Олар полициямен қақтығысты қаламайтынын, акцияларының бейбіт екенін қолдарын көтеру арқылы көрсетті.

Армения парламенті наурыз айында алғаш рет елдің жаңа президентін сайлап, сол арқылы 2015 жылғы конституциялық реформаны аяқтады. Армения басқарудың парламенттік формасына өтіп жатыр. Мемлекетті премьер-министр басқарады. Билік басындағы Армения республикалық партиясы 14 сәуірде бұл қызметке Серж Саргсянды ұсынды. Ол 2008-2018 жылдар аралығында президент қызметін атқарған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер