USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ердоған: "Евфрат қалқаны" операциясы жалғасады

Түркия президенті Режеп Ердоған Сирияның солтүстігінде "Евфрат қалқаны" операциясының жаңа кезеңі басталатынын жариялады. Түркия күштері сириялық Алеппо провинциясындағы мұсылмандардың қасиетті Дабик қаласына шабуыл бастауды көздеп отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бұл мәлімдеме 15 қазанда АҚШ, Ресей және Таяу Шығыстың бірқатар елдерінің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Швейцарияда басталған кездесулер кезінде жасалып отыр. Дипломатиялық мекемелер басшылары аймақтағы жанжалды реттеу мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында бас қосты.

Бұл уақытта Сирияның солтүстігінде, Алеппо қаласының шығысындағы аудандарға бақылау орнату үшін кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Қарулы оппозиция күштеріне қарсы әскери операцияны Сирия президенті Башар Асад әскері ресейлік әуе күштерінің қолдауымен жүргізіп келеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады