USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Эрдоған Асад режимін құлатуға ниетті екенін мәлімдеді

Түркияның қарулы күштері Сирияның президенті Башар Асадты тағынан құлату үшін осы елдің территориясына кірді. Осылай деп Түркия президенті Режеп Эрдоған мәлімдеді деп хабарлайды түріктің Hurriyet Daily News газеті.

centralasian.org-тың хабарлауынша, Эрдоған сөзінде бір миллионға жуық адам Сириядағы соғыстың құрбаны болғанын атап өткен. Әлі де балалар, әйелдер, ер азаматтар қаза болып жатыр деген президент БҰҰ зардап шегіп жатқан Сирия халқына жеткілікті деңгейде көмек көрсетпей отыр деп мәлімдеген.

Түркия президенті Асад режимін «тиран» деп атап, оны мемлекеттік террор жасап отыр деп айыптаған.

Түрік әскері Сирияға тамыз айында кіріп, сирия оппозициясының әскерімен бірге солтүстіктегі шекара бойындағы Жарабл қаласына орналасқан. Түрік әскері оңтүстік-батыс бағытта шабуылдауды жалғастырып келеді.

Режеп Эрдоған осының алдында «Евфрат щиті» операциясының мақсаты қарсыластарынан 5 мың шақырым аймақты азат етіп, қауіпсіз аймақ құрып, босқындарды орналастыру деген. Қазан айында Түркия парламенті қарулы күштердің Сириядағы операциясын тағы бір жылға созған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады