Ең алыс қашықтықта орналасқан дыбыс жазу студиясы - Әлем|16 Сәуір 2018, 10:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.22 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 413.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Ең алыс қашықтықта орналасқан дыбыс жазу студиясы

Фото: edition.cnn.com

Remote island дыбыс жазу студиясы әлемге мінсіз шығармашылық ортада әрі ең алыс қашықтықта орналасқандығымен танымал болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Норвегияның солтүстік-батысында шағын Гиск (Giske) аралы бар, ол теп-тегіс территориясымен ерекшеленеді. Бір жағынан таумен, екінші жағынан Солтүстік Атлант мұхитымен қоршауға алынған арал табиғаты ерекше. Үнемі жел тұрып тұрғанымен, осы жерде тұратын 700 адам тып-тыныш табиғаты бар аралды ерекше жақсы көреді.

Бір қызығы, шағын Гиск аралынан көптеген танымал музыканттар шыққан. Олардың қатарында Arcade Fire, Sampha және 1980 жылдар жұлдызы А-ha бар.

Осы аралда әлемдегі ең ерекше дыбыс жазу студиясы бар. Сыртынан қарағанда шағын ғана лашыққа ұқсайтын үйдің акустикасы керемет.

Студияның аты – «Дыбыс жазу мұхиты». Оны Анте және Ларс есімді музыканттар салған. Көптеген дыбыс жазу студияларына терезе салынбайтыны белгілі, өйткені шыны дыбыс толқындарына кері әсер етеді. Бірақ аталған студияның терезелері бар, өйткені музыканттар табиғатқа қарап тұрып, шабыттанады.

«Дыбыс жазу студиясында тұрған кезде өзіңізді кемеде тұрғандай сезінесіз. Теңіз, толқындар мен шексіз аспан табиғат пен музыкадағы үйлесімді табады. Сондықтан атақты музыканттар дәл осы жерде дүниеге келеді», - дейді Анте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер