BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Экономикалық өсім мониторингі: Үндістан ЖІӨ өсімі бойынша көш бастайды

Халықаралық қаржы институтының (Institute of International finances, IIF) болжамы бойынша болашақта әлем экономикасының өсім жылдамдығы бірнеше қабатқа бөлінетін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, дамыған экономикалар, оның ішінде АҚШ пен ЕО сынды елдердің экономикасының өсім деңгейі 2019 жылдарға дейін жылына 3%-дан аспайды. Ал дамушы экономикалар – бірінші кезекте Қытай мен Үндістан ЖІӨ өсімі бойынша оларды үш есе басып озды. Жалпы, IIF-тың бағалауынша орташа есеппен дамыған елдерде 2019 жылы экономикалық өсім 2,2% ғана құраса, дамушы елдердің ЖІӨ өсімі 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай болады.

Мәселен, АҚШ-тың ЖІӨ өсімі 2018 жылы 2,9%-ға дейін артады, ал 2019 жылы 2,5%-ға дейін төмендейді. Еуро аймақ елдерінің экономикасы ЖІӨ өсімінің осындай динамикасын көрсететін болады - 2018 жылы 2,5%-ға (2017 жылы 2,3%) дейін артса, 2019 жылы 2,1%-ға дейін белсенділігі төмендейді. Аталған жағдай аясында әлемнің ЖІӨ-сі 2018 жылы 3,5%-ға дейін өссе, 2019 жылы 3,4% көрсетеді.

Ал, Ресейді макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша әлемнің дамыған елдері қыспаққа алады. IIF болжамы бойынша ЖІӨ өсімі 2017 жылы 1,5%, 2017 жылы 1,7%, ал 2019 жылы 2,4% болады.

Дамушы нарықтар үшін болжам экономикалық өсімді көрсетуде. Дәлірек айтсақ, экономикалық өсім 2017 жылғы 4,7%-дан 2018 жылы 5%-ға дейін артса, 2019 жылы 5,1% құрайды делінген.

Әлемде ЖІӨ өсімі бойынша көш басын 2019 жылы Үндістан бастайды. Оның экономикасы 2018 жылы 7,9% өсімнен кейін 7,6%-ға артады. Ал, Қытайда экономикалық өсім өткен жылғы 6,9%-дан 2018 жылы 6,7%-ға, 2019 жылы 6,6%-ға дейін төмендейді. Дәл осындай жағдай Филиппин (2018 жылы 6,7% және 2019 жылы 6,6%), Индонезия (5,4% және 5,5%), Малайзия (5,5% және 5,2%) елдерін күтіп отыр. Соынмен қатар, Африка құрлығында дәл осындай көрсеткіштермен Мысыр елі де (5,1% және 5,4% сәйкесінше) өсе бастайды. Аралық мәнге «жаңа» Еуропа елдері— Чехия (2018 жылы 3,6% және 2019 жылы 3,3%), Польша (4,1% және 3,7%), сонымен қатар Түркия (4,2% және 4,4%) ие болады.

IIF болжамы бойынша Венесуэла елінің жағдайы мүшкіл. Бұл мемлекеттің экономикасы 2017 жылы 15,5%-ға төмендесе, 2018 жылы 14,8%-ға құлдырайды. Жағдай 2019 жылы бірақ біршама тұрақтанады, бұл жылы мұнай экспорттаушысы ЖІӨ-нің тек 7,5%-ын жоғалтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер