BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Египетте әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркектер сотталуы мүмкін

Фото: NewCaucasus.com

Әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркек сотталуы керек. Египетте парламент депутаты Абла Хавари осындай заң жобасын қабылдауды ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі укроп.org сайтына сілтеме жасап.

Дайындалып жатқан құжатқа сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек.

«Көп әйел алушылықты жою керек, бірақ әлі күнге дейін оған қол жеткізе алмай келеміз. Әзірге бірінші және екінші әйелдің құқығын қорғауды қадағалайтын механизм ойлап табуымыз керек», - дейді депутат.

Оның айтуынша, Египетте көптеген әйелдер жұбайының өзінен басқа да жұбайлары бар екенін білмейді және бірінші некеден туған балалар да екінші некеден туылған басқа да бауыр-қарындастары бар екенін білмейді. Отағасы өмірден озып, жылжымайтын мүлікті бөліскен кезде әртүрлі мәселелер туындайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер