BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Египет полицейлеріне сақал өсіруге тиым салынды

Фото: vistanews.ru

Египет соты полицейлерге сақал өсіруге тиым салды. Бұл мәселе бойынша дау алты жылға дейін жалғасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентті lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Мұндай шешім полицияның зайырлы институт болып қалуы үшін қабылданған әрі әрі ел үкіметі де осыны талап етуде.

«Сақалдың болуы тиым салынған саяси және лаңкестік ұйымға қызмет етеді дегенді білдіруі мүмкін», - дейді судья Мухаммед Махер Абдул-Инеин.

2012 жылы сақал өсірмеу жөніндегі шешім әлсіргене тұста жүздеген полиция сақалын қайта өсіре бастаған. Ол кезде «Мұсылман бауырлар» ұйымының басшысы Мухаммеда Мурси ел билігіне келген еді. Ол бір жыл ел президенті лауазымын иеленген. 2016 жылы ол Каир сотының шешімімен террористер тізіміне енді.

Египет, Ресей және өзге елдерде «Мұсылман бауырлар» ұйымы ресми түрде лаңкестік топ деп танылып, оларға тиым салынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер