BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Дональд Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мерекесін атап өтетін халықтарды құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Көктемде Наурыз мерекесін атап өтіп жатқан әлемдегі барша халықты құттықтаймын», - дейді Дональд Трамп.

Басылым бұл құттықтаудың негізінен Иран азаматтарына бағытталғанын жазды. Наурыз – иран және түркі халықтарының жаңа жыл мерекесі.

Ауғаныстан, Иран, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Албания, Қырғызстан, Македония және Түркия халықтары оны 21 наурыз күні, ал Қазақстан халқы мемлекеттік мереке ретінде оны 21-23 наурыз күндері аралығында атап өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер