BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Дональд Трамп 2020 жылы қайта сайлауға түседі

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы қызметінде бір ғана мерзіммен шектелмейтінін және 2020 жылы сайлауға түсетінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта ол өзінің сайлауалды науқанының ұранын таңдап қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Пенсильвания штатындағы Питтсбургтегі митингте сөз сөйлеген Дональд Трамп өзінің сайлауалды науқандағы жарнама ұранын жария етті.

«Американы ұлы күйінде сақтаймыз. Леп белгісі», - деген Трамп оның «Американы қайтадан ұлы етеміз» деген алдыңғы ұраны бүгінде ескіргенін айтты.

Сонымен қатар, ол өзінің болашақ қарсыластары – Вермонт штатынан түсетін сенатор Берни Сандерс пен Массачусетс сенаторы Элизабет Уорнды да сынап өтті. Трамптың пікірінше, олардың сайлауалды науқандары журналистер үшін қызықсыз болады, ал қоғамды тек тележүргізуші Опра Уинфри ғана қызықтыра алады.

«Мен Опра жеңгенін қалаймын, мен оны жеңгім келеді. Мен оның әлсіз тұсын білемін», - деген АҚШ көшбасшысы.

Бұған дейін Дональд Трамп «Американы ұлы күйінде сақтаймыз» ұранын патенттегісі келген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер