BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Демалыста жүрген әже үстіне кактус құлап қайтыс болды

Франциядағы Ле-Канне қаласы тұрғынының үстіне кактус құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті Le Parisien сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға Монакода болған. Онда 92 жастағы әжей демалысқа келіпті. Далада серуендеп жүргенде оның үстіне аяқ астынан үлкен кактус құлайды. Ол бірден ауруханаға жеткізіледі.

Оның қасында 60 жастағы ер адам мен 50 жастағы әйел де болған. Олар да жарақат алып, арқаларының ауыратынын айтқан.

Ал егде жастағы әйелдің өлімі туралы өзінің немересі Facebook-те жазды. Ақпаратты қауіпсіздік қызметінің мамандары растады.

Оқиғадан кейін тергеу басталды. Әзірге кактустың қалай құлағаны анықталмады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер