BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Дәулетті бизнесмен той үстінде қалыңдығынан өш алды 

Сингапурлік дәулетті бизнесмен қалыңдығының көзіне шөп салғанын біліп қойып, той кезінде одан өш алды, деп жазды Ridus.ru.

Тойға бірнеше ай қалғанда күйеу жігіт қалыңдығының адалдығын тексеріп алуды жөн көріпті. Ол қыздың әр қадамын аңду үшін жеке детектив жалдаған. Алғашқы бір айда күдікті ештеңе байқалмайды. Қыз үйлену тойына дайындалып, құрбыларымен кездесіп жүреді. Алайда бір күні қонақ үйге ер адаммен бірге кіріп кетеді.

Детектив клиентіне видеоны көрсетеді, бірақ қатты қапаланған күйеу жігіт үйлену тойынан бас тартпайды. Керісінше тойға болашақ әйелімен ойнас жасаған ер адамды да шақырады. Бизнесмен оны қалыңдықтың туыстарымен бір үстелге отырғызыпты.

Күйеу жігіт романтикалық видеоны көпшілікке көрсеткеннен кейін қалыңдық өз тойынан қашып кетуге мәжбүр болады. Әсем әуенмен әрленген ролик ғашықтардың жүрек тебірентер суреттерімен басталып, соңынан қалыңдықтың өзге еркекпен қонақ үйге кіріп бара жатқан сәті көрсетілген екен.

«Масқара болған қыз ызадан жылап жіберіп, салтанат залынан қашып кетті», - деп жазды жергілікті Zoabao порталы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер