BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Дәстүрлі дін көшбасшыларының съез туралы пікірлері

Ертең Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары Астанада бас қосады. VI съезге жиналғандар «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында адамзатты алаңдатып отырған өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісетін болады. Қазақ елінің бұл бастамасына түрлі дін өкілдері үлкен сеніммен және конфессияаралық келісімнің алаңы ретінде қарайды. Бұл сөзімізге бұған дейінгі съездерге келіп, атқарылған шараның ауқымы мен маңыздылығы турасында дін өкілдерінің бұрын-соңды айтқан мына пікірлері дәлел.

Бүкіл дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы, Аса жоғары мертебелі, доктор, профессор, Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки:

«Өзінің бағыты айқын, дәлелі әлеуетті әрі шындыққа үйлесімді біздің ұранымыз бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қате негіздерде орнықтыруға ұмтылып, адамзат дамуының ұзақ дәуірлерінің ішінде алдыңғы ұрпақ өмір сүрген мәдениет пен өркениеттің саналуандығын көзге ілмей, сәтсіз әрекеттерді басынан кешкен халықтардың тарапынан қолдау мен қанағат тауып отыр».

Варфоломей I, Константинополь Православ шіркеуінің Патриархы:

«Осы күндері түсіністікпен әрі сүйіспеншілікпен биік мұраттар жолындағы жасаған еңбегіміз жер бетіндегі бейбітшілік пен адамдардың бақытына арналатын өмірдің нағыз шынайы шындығына айналсын».

Қытай буддистер қоғамы Төрағасының орынбасары - Цзямуян Лосанцзюмэй Туданьцюэцзиним:

«Бүгінде әлемнің барлық діндері бейбітшілік пен әділдікке ұмтылып отырғанда, зорлық пен жауыздық көбінде дін жамылғысымен жасалады. Сондықтан да мұның өзі бүкіл әлемдегі діни лидерлердің аландаушылығын туғызбауы мүмкін емес».

Қасиетті Тақ иесі делегациясының басшысы, Жоғары нуркейіпті Кардинал Йозеф Томко:

«Мен баршамызды, бейбітшіл ерлер мен әйелдерді, бейбітшілік туралы ой толғап, сыйыну үшін осы елге жинағаны үшін Оған, Құдіретті Құдай тағалаға алғысым-ды арнаймын...»

Иудей делегациясының лидері, Израильдің Бас раввині Йона Мецгер:

«Махаббат және шыдам, әлемде өмір сүруге ынталық, мына үстелді қоршаған патшалық келіссөздер, жүзеге асырылады».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер