BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Дәрігер 106 адамды өлтірді деген күдікке ілінді

Германияда бұрынғы медицина қызметкері 106 адамды дәрімен улап өлтірді деген күдікпен тексерілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ольденбург қаласының прокуратурасына сілтеме жасап ren.tv жазады.

Тергеушілер барлық таксикологиялық тестінің нәтижесін алғаннан кейін, ер адам емделушілерді қасақана өлтіруге әрекет жасады деп ұйғарған.

Медицина қызметкері Ольденбург пен Дельменхорст ауруханасындағы жансақтау бөліміндегі емделушілерге мөлшерден тыс дәрі-дәрмек берген.

Күдіктінің айтуынша, ол емделушілердің алдында өзін құтқарушы рөлінде көрсеткісі келіпті. Оның адамдардың өмірін қиюға әрекеттенгені науқастардың бірі инъекциядан кейін тірі қалғанынан кейін әшкере болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер