BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Coca-Cola Түрікменстандағы өндірісін тоқтатты

Азаттық радиосы түрікмен қызметінің дереккөзіне сүйеніп, «Coca-Cola Türkmenistan» компаниясы қызметін тоқтатып, ондағы қызметкерлердің бәрін жұмыстан шығарғанын хабарлады.

Алайда «Coca-Cola Turkmenistan» компаниясына иелік ететін «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Түрікменстандағы жұмыстарын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

«Компанияға қатысты мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Түрікменстандағы жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. «Coca-Cola İçecek Turkmenistan» фирмасы таза және газдалған су өндіреді. Ашхабадта, біздің фирмада 300 адам жұмыс істейді», - деп мәлімдеді компания басшылығы.

Бірақ «Coca-Cola İçecek» компаниясының өкілі Александр Аккирман валютаны конвертациялауға байланысты қиындықтар болып жатқанын мойындады. Осыған байланысты «Coca-cola» сусынын шығаруды тоқтатқан.

Қараша айында «Coca-cola» сусындары Түркіменстанда 2-3 есеге қымбаттап кеткен. Астанадағы «Шахада», «Бағтыярлык» және «Кәмил» секілді ірі супермаркеттерде «Coca-cola» өнімдері көрінбейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер