BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Чехияда президент сайлауы өтіп жатыр

Чехияда 12-13 қаңтарда президент сайлауы өтеді. Сайлауға бес кандидат қатысып жатыр. Президенттікке үміткерлер қатарында елдің қазіргі президенті Милош Земан да бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Земанның басты қарсыластары - Ғылым академиясының бұрынғы президенті Иржи Драгош, кәсіпкер Михал Горачек және бұрынғы премьер-министр Мирек Тополанек. Олар Земанды «Мәскеумен өте жылы қарым-қатынас жасайды» деп айыптайды.

Сайлау алдында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша дауыс беру екі кезеңге созылып, екінші турға Земан мен Иржи Драгош шығуы мүмкін. Егер бірінші турда президент анықталмаса, екінші тур екі аптадан кейін өтеді.

Чехия - парламенттік республика, бірақ президенттің де маңызды өкілеттіліктері бар. Чехияда президенттік мерзім - бес жыл.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер