BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан Никки Хейли кетіп қалды

Фото: ашық дереккөзден

Газа секторындағы жағдай талқыланып жатқан БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан АҚШ өкілі Никки Хейли полестиналық әріптесі Рияд Мансур сөз сөйлемей тұрып кетіп қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі RT сайтына сілтеме жасап.

Бұл дипломаттың палестиналықтардың айыптауына көрсеткен наразылығы болды.

Бұған дейін, өз сөзінде Никки Хейли Газа секторындағы ахуалдың ушығуына ХАМАС қозғалысын айыптап, АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру туралы шешімнің жағдайды қиындатып жібергенін мойындаудан бас тартты.

«Бұл (елшілікті көшіру) әлемнің әлеуетіне еш кедергі келтірмейді», - деп мәлімдеді Хейли.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы Израиль-Палестина арасындағы соғыстан кейін алғаш рет кеше Газа аймағында тағы да қанды қақтығыстар болды. Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылған соң, одан бар болғаны 50 миль жерде атыс-шабыс болып, Израиль қарулы күштері ондаған палестиналықты Газа шекарасында атып өлтірді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл қанды қақтығыста 58 азамат қаза тапқан. Трамп әкімшілігінің Тель-Авивтегі елшілікті Иерусалимге көшіру туралы шешімі палестиналықтардың жынына тиген, осы себепті де олар наразылық көрсеткен.

Газада көз жасаурататын газ бен атқыш құралдарды қолданған Израиль әскерилері, тіпті, танктерін де іске қосқан. Палестиналық шенеуніктер Израильді қатал жаза қолданғаны үшін айыптап, халықаралық ұйымдардың араласуын сұрады. Олардың айтуынша, 2700 адам жараланған. Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандардың жеке мәліметтері анықталған жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер