BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.52 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.26
Астана:

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы Ракканың гуманитарлық жағдайын талқылайды

Ресей Федерациясының делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы Ракка мен Рукбандағы гуманитарлық жағдайы туралы ашық брифинг өткізуіне өтінім жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Кorrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресейдің бастамасы бойынша Сириядағы Ракканың гуманитарлық жағдайын талқылайды.

«Ресейлік делегация БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2401 қарарын жүзеге асыру контексінде Сириядағы Ракка мен Рукбандағы гуманитарлық жағдай бойынша ашық брифинг өткізуге өтінім жасады», - деді Ресей дипломатиялық миссиясының баспасөз хатшысы Федор Стржижовский.

Оның айтуынша, жоспарланған брифинг БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы референдум туралы консультациялар аяқталғаннан кейін өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер