BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

БҰҰ ең бақытты елдерді анықтады

Фото: suomik.com

БҰҰ-да сәрсенбі күні оқылған баяндамада әлемдегі ең бақытты ел – Финляндия екені айтылды. The World Happiness Report деп аталатын құжатта 156 мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жасы, әлеуметтік жағдайы, жемқорлық және басқа да факторлары бағаланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі news.rambler.ru сайтына сілтеме жасап.

«Бұл есепте Финляндия алғаш рет бірінші орынға шығып тұр. Былтыр бірінші орында тұрған Норвегия биыл екінші орынға түсіп қалды», - делінген БҰҰ-да оқылған баяндамада.

Ондықтың ішіне Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция және Австралия мемлекеттері кіреді.

«Бұл рейтінгтің басында тұрған елдер адамның өмір сүруіне шынымен қолайлы жағдай жасаған. Бақытты болу көрсеткіші дені сау, әлеуметтік жағдайы жоғары адам санымен өлшенді», - дейді Копенгагендегі бақыт ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Мейк Викинг.

Еске сала кетсек, 2017 жылы БҰҰ ең бақытты және ең бақытсыз елдердің тізімін жариялаған. Ең бақытсыз мемлекет тізімі бойынша скандинавия елдері көш бастап тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер