BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бүгін «Өлім кометасы» Жерге барынша жақындайды

Фото: UDF.by

Астана, BAQ.KZ. 2015 TB145 кометасының пішін адамның бас сүйегіне ұқсайды. Ол Жерге 38 миллион шақырым қашықтықта өтеді. Бұл туралы gazeta.ru сайты хабарлайды.

Астрономдар «Өлім кометасы» деп атаған ірі комета бүгін Жерге барынша жақындайды. Ғалымдардың болжауынша, ол Жер бетіне қауіп төндірмей, жанынан өтіп кетеді. Бірақ қайта оралған кезде қауіпті болуы мүмкін.

NASA 2015TB145 кометасын өлі құйрықты жұлдыздың бірі деп есептейді. Ғалымдар бұл аспан денесін үш жыл бұрын ашқан еді. Комета 2015 жылы Жерден жарты миллион шақырым қашықтықта ұшып өтіп, ғалымдардың назарына іліккен. Сол кезде астрофизиктер бірнеше рет фотосуретке түсіріп үлгерген. «Өлім кометасы» келесі жолы Жерге 2082 жылдан кейін жақындайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер