BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Британиялықтар Скрипальді өздері улауы мүмкін – «Новичок» әзірлеушісі

Басты тергеу басқармасының экс-полковнигі Сергей Скрипальді британиялық мамандардың өзі оп-оңай улауы мүмкін. Себебі британиялықтар А234 затына теңестіретін «Новичок» химиялық қару жүйесін әзірлеу технологиясы тек кәсіби мамандарға қолжетімді. Оны кейін кез келген химиялық корпорация жасай алады. Бұл мәлімдемені «Новичок» әзірлеушілерінің бірі Леонид Ринк Риа Новостиге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Скрипаль нақты неден уланғанын анықтауға болады.

«Әрине, оның барлығын анықтауға болады. Ұлыбританияда мұндай мамандар бар. Сондықтан да солардың өзі Скрипаль мен оның қызының заттарын әзірлеуі әбден мүмкін. Я болмаса, мола жақтағы кей затты улап қоюы ықтимал. Олар сол күні Скрипаль бейіт басына баратынын білді. Яғни, Скрипальды британиялықтардың өздері улауы мүмкін», - деді Ринк.

Ринктің айтуынша, «Новичокты» құру технологиясы британиялықтарда бар.

«Кәсіби мамандар үшін ол қолжетімді... Кез келген фармацевтикалық корпорация, химиялық корпорация мұны өз лабораториясында жасап шығара алады», - деді әзірлеуші.

Ринк «Новичокты» жасау үшін қажетті формулалардың барлығын АҚШ-тан келген химик Вил Мирзаянов жария еткенін жеткізді.

Айта кетейік, Ұлыбританияның Солсбериінде 4 наурыз күні британиялық арнайы қызметте жұмыс істейін БТБ экс-полковнигі Сергей Скрипаль мен қызы Юлияны біреу улады. Лондон тарапы Скрипальді А234 затымен ресейліктер улады деген айып тақты. Ал, Ресей Федерациясы Скрипальдің улануына еш қатысы жоқ деп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер