BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Бразилияда банкті тонау кезінде атыс болып, 12 адам қаза тапты

Астана, BAQ.KZ. Қаза тапқандардың біреуі қарақшы, қалғаны кепілдікке алынған отбасы мен полицейлер.

Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Милагрес қалашығында болған. Қарулы топ банкті тонау кезінде 5 адамнан тұратын бір отбасын кепілдікке алған. Олардың арасында 2 бала болады. Содан кейін оқиға орнына келген полицейлерге оқ жаудырып, қақтығысқа түскен.

20 минутқа созылған атыс кезінде қылмыскерлер кепілдіктегі барлық адамды өлтірген. Сондай-ақ ғимарат маңында өтіп бара жатқан бірнеше тұрғын жарақат алды. Бір қарақшының көзі жойылған. Бірақ қалған қылмыскерлер ақшаны ала алмай, 2 көлікке отырып қашқан. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы топпен байланысты 2 күдікті қолға түскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер