BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Бір жасар бала ішімдіктен уланды

Ресейдің Владивосток қаласында бір жасар бала алкоголь ішіп уланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Бала арақ ішкен кезде анасы туған күн тойлап, оған мән бермей қойған.

Жергілікті полицияға «бір жасар бала алкогольден уланып, ауруханаға жеткізілді» деген хабарлама келеді.

«Кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар тексерген кезде бала анасы және оның заңсыз күйеуімен тұрып жатқанын анықтады. Үлкендер туған күн тойлаған. Анасы ұлының үстелдің үстіне шығып кеткенін байқайды. Ол жерде аузы ашылған алкоголь бөтелкелері тұрған. Әйел ұлын түсіріп, ұйықтатып тастайды. Біраз уақыт өткен соң ол баланың ұзақ ұйықтап жатқанын байқайды. Тұрғызса, оянбайды. Содан соң жедел жәрдем шақырады», - делінген полиция хабарламасында.

Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткен. Қазір денсаулығы жақсы және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар баланың анасымен әңгімелесті. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазір оны арнайы инспекцияға есеп алу не алмау мәселесі қаралып жатыр.

Тексеру материалдары тергеушілерге жолданды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер