Билл Гейтс кедейлік туралы кітапты оқуға кеңес берді - Әлем|07 Желтоқсан 2017, 15:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Билл Гейтс кедейлік туралы кітапты оқуға кеңес берді

Фото: РИА Новости

Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс өзінің 2017 жылы оқыған үздік 5 кітабы туралы айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Миллиардердің тізіміне вьетнамдық жазушылардың екі романы, кедейлік туралы туынды, тарих және автобиографиялық комикс кірген.

Гейтс вьетнамдық жазушы Тхи Буйдың «Біз жасай алғанның ең үздігі» романын оқыпты. Онда жазушының 1978 жылы Вьетнамнан көшіп кеткен ата-анасы туралы айтылады.

Сондай-ақ, ол ұсынған екінші тарихи роман - Вьет Тхан Нгуеннің «Жанашыр» шығармасы.

Миллиардер оқырмандарға Мэттью Десмондтың «Көшірілгендер: америкалық қаланың кедейлігі және амандығы» туындысын оқығанын айтты. Автордың бұл шығармасы Пулитцер премиясын алған.

Билл Гейтс үздік деп таныған еңбектердің бірі - Вацлав Смилдің «Энергетика және өркениет: Тарих». Ол туынды авторын жақсы көретін жазушым деп атады.

«Бұл кітапты оқу оңай емес, бірақ соңында өзіңізді ақылдырақ сезініп, энергетикадағы өркениет жаһанданудың дамуын қалай өзгертіп жатқаны туралы толық ақпарат алып шығасыз», - деді миллиардер.

Бұдан басқа, Эдди Иззардтың «Маған сеніңіз: махаббат, өлім және джаз балапандары туралы ғұмырнама» атты кітабын да оқуға кеңес берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер