BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Белгілі физик Стивен Хокинг қайтыс болды

Ағылшынның физик-теоритигі Стивен Хокинг 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі BBC радиосына сілтеме жасап.

Профессордың қайтыс болғаны туралы оның отбасы хабарлаған. Сонымен қатар бұл ақпаратты Reuter агенттігі таратты.

Еске сала кетейік, бүкіләлемдік ғылым саласының танымал тұлғасы Стивен Хокинг Жер планетасы, Күн жүйесінде орналасақан Венера планетасының тағдырын қайталайтынын айтқан болатын.

Физик 2600 жылға қарай адамзат жойылады деген болжам жасады. Ғалымның айтуына қарағанда, уақыт өткен сайын Жер шарының халық саны өсіп, энергия тұтыну арта береді, осылайша планета отты шарға айналады. Апаттан құтылудың жалғыз жолы бар, ол – тіршілікке қолайлы басқа ғаламшарға көшіп кету дейді ол. Хокинг бұл пікірді Пекинде өткен Tencent WE саммитіне видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінде айтты.

Видео: Стивен Хокингтің 2014 жылы BBC-ге берген сұхбаты


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер