Башар Асадтың жұбайынан қатерлі ісік анықталды - Әлем|09 Тамыз 2018, 09:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Башар Асадтың жұбайынан қатерлі ісік анықталды

Сирия президенті Башар Асадтың жұбайы Асма Асад онкологиялық сырқатқа байланысты Дамаск қаласында ауруханаға түсті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы 8 тамызда ел басшысының канцеляриясы Twitter-де жазды. Әйелде сүт безінің қатерлі ісігі табылды. Рактың бастапқы кезеңінде болып шықты.

Президент жұбайы емін бастап кетті. Ауруханада түскен фотодан «капельница» қабылдап жатқанын және қасында күйеуі отырғанын көруге болады.

Президент канцеляриясы Сирияның бірінші ханымына тезірек сауығып кетуін тіледі.

11 тамызда Асма Асад 43 жасқа толады. Ол Лонданда дүниеге келіп, сол жақта Лондон университетінің Корольдік колледжін компьютер технологиясы және француз әдебиеті бағытын тәмамдаған. Deutsche Bank және JPMorgan Chase компанияларында жұмыс істеді. Кейін Сирияға ата-анасының отанына кетіп қалады.

Башар Асад Асмаға 2001 жылы үйленді. Сол жылы олардың Хафез есімді ұлы дүниеге келді. Содан соңң 2003 жылы қызы Зейн, 2004 жылы ұлы Кәрім туған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер