BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Банкоматтан ақша ұрламақ болған 4 жасар бүлдіршін видеоға түсіп қалды

Чилидің Вальпараисо қаласында болған оқыс оқиға видеоға түсіп қалды. 4 жасар бүлдіршін банкоматтан ақша алып тұрған ер адамды тонамақ болды. Ұрлықшы оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.

Хуан Альберто Ибарра жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында кішкене баланың бұл әрекетіне қатты таңқалғанын айтқан. 4 жасар бүлдіршін 150 доллар ұрламақ болған екен.

«Банкоматтан ақша алған кезімде бұл бала жанымда тұрды. Кейін банкомат шығарған ақшаны менен бұрын жұлып алып, қашып кетті», - дейді Альберто.

Ұрлықшыны ер адамның өзі ұстап алған. Әзірге баланың туған әке-шешесі кім екені анықталмады. Анықталған жағдайда олар ата-ана құқығынан айырылулары мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер