BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Баланы қапқа салып, ұрып-соққан әйелдің ісі әшкере болды

Үндістанда полицейлер Чандигарха қаласының 35 жастағы тұрғыны Джасприт Каурды қамауға алды. Ол өгей баласын ұрып-соғып, қапқа салып қорқытып жүрген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Қыздың ағасы өгей шешелерінің қарындасын қалай жәбірлейтінін видеоға түсіріп алған. Видеоның бірінші бөлігінде әйел аяғы сынған кішкентай қызды аяусыз ұрса, екінші бөлігінде ол қызды қапқа салып, жерге соққылайды.

Ал балалардың әкесі видео пайда болғанша ештеңе білмегенін айтқан.

«Мен екінші әйелімнің қызыма көрсеткен қорлығын көрген кезде төбемнен жай түскендей болды», - дейді қыздың әкесі Манмохан Синг.

The Sun басылымының жазуынша, ұлы әкесіне өгей шешенің көрсетіп жүрген қорлығын қанша рет айтқанымен, оған әкесі құлақ аспай жүрген.

Бірақ Манмохан Сингх видеоны көрген соң дереу полицейлерді шақырып, әйелінің қамауға алынуын талап еткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер