BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Баланы аяусыз ұрған күтуші қамауға алынды

Қытайда баланы ұрған күтуші қамауға алынды. Оқиға Чжэнчжоу қаласының Хэнань провинциясында лифт ішінде болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Күтуші кішкентай баламен лифтке кіріп, оны ұрған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әйелдің баланы ұрғанын CCTV телеарнасы көрсеткен.

Видеодан көрінгендей, анасы баланы күтушіге береді. Күтуші мен бала лифтке кірген соң анасынан ажыраған бала жылай бастайды.

Лифт есігі жабылған кезде күтуші баланы қорқытып, төмпештейді. Ол қолына көтеріп тұрған кішкентай баланы ішінен жұдырығымен қатты-қатты түйіп жібереді. Бала одан сайын жылаған соң оны бесікарбаға отырғызады. Бала жылауын қоймайды. Сондай-ақ, ашулы күтушінің баланы басынан да ұрғылағанын көруге болады.

Осы іс-әрекеттің барлығын камерадан көрген күзетші жазбаны баланың ата-анасына берген. Күтушінің баланы ұрғанын көрген ата-ана бірден полицейлерді шақыртқан.

Дереккөзінің хабарлауынша, күтушінің беделі жақсы әрі жалақысы да жоғары болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер