BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Байқоңырда жаңа ресейлік ғарыш кемесін ұшыруға дайындық басталды

Фото: ТАСС/Михаил Джапаридзе

Байқоңыр ғарыш айлағында жаңа ресейлік «Федерация» ғарыш кемесінің экипаждарын қондыру үшін 60 метрден астам биіктікте арнайы мобильді мұнара салынатын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Бұл шешімді осы жылдың наурыз айының басында ғарыш айлағына келген ресейлік ғарыштық зымыран өнеркәсібінің делегациясы қабылдады. Олар кемені алдын ала дайындау және оны іске қосу үшін қазірдің өзінде қолданыстағы инфрақұрылымды қолданады. Аппаратты ұшыруға дайындық корпуста жүргізіледі. Ал «Зенит» тасымалдаушыларынан қалған корпустан жаңа зымыран құрастырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер