BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Бай араб туристері жабайы әрекеттерімен жергілікті жұрттың үрейін алды

Әзірбайжанға келген дәулеті шалқыған араб туристері қымбат автокөліктерімен елдің түкпір-түкпіріне аттанып, жүгірген аң мен ұшқан құсты жаппай қырған. Қырғанымен қоймай, мақтан көріп, олардың фото-суреттерін әлеуметтік желіге салған, деп жазады islam.kz.

«Қанжыға майланған саят» деп өздері атаған олардың бұл әрекеті жергілікті халықтың наразылығын тудырып отыр. 2016 жылдың жаз мезгілінде аталған елдің мәдениет және туризм министрлігі ел аумағына енген арабтардың қарасы туралы дерек келтірген болатын.

Биыл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл елген келетін арабтардың қарасы 30 пайызға артқан. «Егер 2015 жылы Әзірбайжанға бар-жоғы 99 араб азаматы келген болса, 2016 жылдың мамыр айында олардың қарасы 3 мың адамға жеткен. Яғни, олардың қарасы 30 есеге көбейген», - деп айтылған министрлік келтірген мәліметте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер