Австралиялық дәрігер қинамай өлтіретін машина ойлап тапты - Әлем|07 Желтоқсан 2017, 13:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Австралиялық дәрігер қинамай өлтіретін машина ойлап тапты

Австралиялық дәрігер Филипп Нитшке және нидерландтық инженер Александр Банник екеуі бірлесіп, «Sarco» деп аталатын машина-капсуласын құрастырды. Аталған машина ауыр науқасқа шалдыққан адамдарды қинамай өлуге көмектеседі, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Құрылғы сұйық азотпен жұмыс істейді. Бірнеше секундтың ішінде адамды мәңгілік ұйқыға жібереді. Машинаға сұйық азот құйылған ыдыс пен алмалы-салмалы капсула қолданылады. Аппаратқа өте ауыр науқасқа шалдыққан адамды орналастырып, тиісті кодын енгізгенде капсуланың ішіне сұйық азот төгіледі. Сол сәтте кислород деңгейі төмендейді. Яғни, ауа жетіспегендіктен бірнеше минут ішінде адам қайтыс болады.

Бұл процеске бар-жоғы 5 минут кетеді. Машинаны 3D-принтерде шығарып, азотты заң жүзінде сатып алуға болады. Өлім процедурасынан кейін адам өз еркінше сол капсуланың ішінде жерленуге мүмкіндігі бар екен.

Нитшкенің айтуынша, өлу-өлмеу әркімнің жеке ерікті шешімі. Сонымен қатар, «өлім машинасында» «байбалам салу» батырмасы бар. Егер адам соңғы сәтте шешімін өзгерткісі келсе, осы батырманы баса алады. Сол сәтте апаттық жағдайдағы терезе ашылып, ауа кіреді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер