BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Австралияда үш адам кенгуру шабуылынан зардап шекті

Фото: USlide.ru

Астана, BAQ.KZ. Оқиға салдарынан әйелдің кеуде тұсына зақым келіп, бірнеше қабырғасы сынған және қолы мен аяғы жарақаттанған. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлайды.

Автралиялық Квинсленд штатында кенгуру адамдарға шабуылдап, соның салдарынан үш адам зардап шеккен.

Медицина қызметкерлері оқиға орнына сенбі күні кешке барған. Зардап шегушілердің бірі 64 жастағы Линда Смит жолдасы кенгуруды қоректендірмек болған кезде шабуыл жасағанын айтқан. Ол жолдасына көмектесем де, өзі жарақаттанып қалған. Сондай-ақ, көмектеспек болған оның ұлы да дене жарақатын алған.

Қабырғасы сынып, аяқ-қолы жарақаттанған әйелге ота жасалады. Оның жолдасы көп дене жарақатымен ауруханаға түскен, ал ұлдарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Смиттің айтуынша, ол дәл осындай агрессиялы кенгуруды бірінші рет көріп тұр. Оның болжамынша, қазір кенгурулердің жұптасатын уақыты, мүмкін сол себепті еркек кенгурулер қазір агрессиялы болып жүрген болуы керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер