BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ауғанстанда талибтер үш жолаушылар автобусын ұрлап әкетті

«Талибан» радикалды қозғалысының содырлары Ауғанстан солтүстігіндегі Кундуз провинциясында үш жолаушылар автобусын ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Содырлар Тахарадан Кабулға кетіп бара жатқан үш жолаушылар автобусын Кундуз провинциясы тұсында ұрлап әкеткен, оларды құтқару үшін әскер жіберілді, қазір ұрыс жүріп жатыр», - деп хабарлады Twitter-де 1TV телеарнасы.

Қаза тапқан адамдардың саны әлі анықталмаған.

Өз кезегінде Tolo Newsсо телеарнасы жолаушыларды тасымалдау автобусының кәсіподақ өкіліне сілтеме жасай отырып ұрланған автобустарда 170 жолаушы болғанын хабарлады.

Кундуз провинциясының қауіпсіздік күштерінің өкілі Сафиулла Махзонның айтуынаша, оқиға жексенбі күні болған. Содырлар ұрланған жолаушыларды Никпе ауылына алып кеткен, кейін ол жерге қауіпсіздік күштері келген. Қазіргі кезде ол жерде ұрыс жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер