USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Аты-жөнін «Айфон» деп өзгерткен адамға iPhone 7 су тегін беріледі

Фото: AppleInsider.ru

Украинадағы дүкендердің бірі небәрі 1 гривнаға (шамамен 13 теңге) су жаңа жетінші «айфон» сататынын айтып, жер-жаһанды шулатты. Бірақ, бұл жеңілдіктің жауапкершілігі зор болып шықты.

Әлемдегі «гаджетқұмарлардың» түн ұйқысын бұзған смартфонды бұл дүкеннен алу үшін адам өзінің төлқұжатындағы аты мен ата тегін «Сим Айфон» деп өзгертуі тиіс екен. Бұл өзгерісті дәлелдеу үшін ол аты-жөні өзгертілген төлқұжатын осы шараны ұйымдастырушыларға апарып көрсетуі керек. «Айфонға» бола тегін өзгерткен алғашқы бес адам анықталған кезде, шара аяқталып, жеңімпаздар өздері армандаған гаджетті ала алады, деп жазады informing.ru.

24.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады