BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Атамбаев: Егер Темір Жұмақадыров секілді қаза болмасам, сайлау әділ өтеді!

Қырғызстанның қаза тапқан вице-премьері Темір Жұмақадыров тірі болғанда болашақта ел басшыларының бірі болар еді. Бұл туралы бүгін мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанатында президент Алмазбек Атамбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Вечерний Бишкекке» сілтеме жасап.

«Ол менің үлгілі шәкірттерімнің бірі болды. Бар-жоғы 38 жаста еді. Еліміздің болашақ басшыларының бірі ретінде көретінмін», - деді Атамбаев.

Ол Президент сайлауын өткізу жөніндегі штабты басқарған Жұмақадыров әділ әрі ашық сайлау өткізу мәселесіне жауапкершілікпен қарағанын атап өтті.

«Жаңа президент сайлауына бар-жоғы бір апта уақыт қалды, бұл тақырыпты айналып өте алмаймын. Билік әділетсіз сайлау өткізгелі жатыр дейтіндер көбейді. Менің жолдастарымның көбісі әділ сайлау өткізу жолында зардап шекті, кейбірі қаза болды... Егер Темір Құрманғазыұлы секілді қазаға ұшырамасам, бәрін реттеймін, сайлау әділ өтеді!», - деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қырғызстанның вице-премьері Темір Жұмақадыров жол апатынан қаза тапты. Ол көмекшісі мен бірге Президент сайлауына дайындықты тексеру үшін Таласқа бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, вице-премьердің көлігімен соғысқан.

Вице-премьердің артында жұбайы мен төрт баласы қалды. Президент сайлауы 15 қазанда өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер