BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ата-анасының қасында ұйықтаған сәби шетінеп кеткен

Ұлыбританияда ата-анасының қасында ұйықтаған сәби шетінеп кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасап life.ru жазады.

Ұлыбританияда 23 жастағы анасы жаңа туған баласын қасына алып жатып, ұйықтап кетеді.

Белгілі болғандай, Лорен Джордан баласын құшақтап жата тұрғысы келеді. Жұмыстан шаршап келген ол, баласы өз төсегінде ұйықтамай қойған соң оны қасына алып жатады. Ол баланы құшағына алған күйі теледидар көріп жатып, ұйықтап кеткен. Жанында баланың әкесі де ұйықтап жатқан. Лоран оянған кезде, баласы шетінеп кеткенін байқайды.

Олар ояна сала 15 минуттай баланың есін жиғызбақ болғандарымен, ештеңе шықпайды. Содан кейін жедел жәрдем шақырады.

Лоранның айтуынша, баласы ұйықтар алдында екі бөтелке сүт ішкен. Содан кейін сәби ұйықтамай қойған екен. Ұйқысы келмеген баланы ол қолына алып, қасына жатқызады да, баласы ұйықтағанша телевизор көрмекші болады. Сөйтіп жатып, өзі де ұйықтап кетеді.

Дәрігерлер баланың нақты неден қайтыс болғанын анықтай алмаған. Болжам бойынша, оның өлімі кенеттен қайтыс болу синдромынан немесе ата-анасының басып қалып, тұншығуынан болған.

«Біз баланы қасымызға алып жатамыз деп ойлаған жоқпыз. Өзіміз де байқамай ұйықтап кетіппіз. Осы оқиғадан кейін басқа ата-аналар балаларын қастарына алып жатпауы тиіс. Осы жағдай енді сабақ болар», - дейді Лоран Джордан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер