BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ашығудың бұрын ешкім білмеген пайдасы анықталды

Фото: Shutterstock

Ұлыбританияда Ньюкасл университетінің ғалымдары төмен каллориялы диетаның (ашығудың шипасы) екінші деңгейлі диабетті (инсуллинге тәуелді диабет) емдеуге ықпал ететінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Science Alert-ке сілтеме жасап lenta.ru жазады.

Мамандар зерттеу нәтижесін The Lancet журналында жариялады.

Тәжірибеге алты жылдан бері диабетпен ауырған 20-65 жастағы 300 адам қатысқан. Ғалымдар 3-5 ай бойы 149 адамды төмен каллориялы коктейль және көже-қатықпен тамақтандырған.

Зерттеуге қатысқандар күніне 825-853 каллориядан аспайтын тағамдарды тұтынып отырған. Осының нәтижесінде зерттеуге қатысып, 15 килограмм салмақ тастаған адамдардың 90 пайызы диабеттен жазылып шыққаны анықталды.

Сондай-ақ, 10-15 килограмм салмақ тастаған адамдардың 57 пайызы және 5-10 килограмм салмақ түсірген 34 пайыз адам диабет ауруынан айыққан. Бақылау тобындағы емделушілердің тек 4 пайызында ғана ремиссия байқалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер