Арменияда жас қыз шашымен көлік сүйреді - Әлем|12 Қаңтар 2018, 10:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Арменияда жас қыз шашымен көлік сүйреді

Фото: скрин

Армениялық спортшы қыз Карина Саргсян шашымен көлік сүйреді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Видеоны Уoutube желісіне Григорий Шубенков есімді қолданушы жүктеді.

Спортшы қыз бұл мүмкіндігін Ереванда 25 желтоқсан күні көрсеткен.

Каринаның айтуынша, көлікті шашымен тартқандар көп, бірақ ешкім мұны автомобильге бетімен қарап, қарама-қарсы тұрып жасамаған. Шашпен тартуға арналған арнайы бекіткішті әкесі дайындапты. Спортшының туыстары мұндай күш оған әкесінен дарыған деп есептейді. Өйткені оның әкесі қолы және қарнына жіп тағып, кішкентай кеме мен ұшақты сүйреген.

Видео қаһарманы 16 жаста. Ол бокспен айналысады. Каринаның басты арманы – спорттың осы түрінен әлем чемпионы болу.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер