BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Аргентиналық палеонтологтар динозаврлардың жаңа түрін ашты – зерттеу

Аргентиналық палеонтологтар ірі динозаврлардың жаңа түрін ашты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі National Geographic сілтеме жасап.

«Аргентиналық палеонтологтар тобы жасы 200 млн асатын ірі зауроподтың сүйегін тауып алды. Бұл алпауыт динозаврды 30 млн жасқа дейін «қартайтуға» мүмкіндік береді. Зерттеу жұмыстарын Сан-Хуан ұлттық университетінің мамандары жүргізді. Жануардың дене мүшелерінен алынған сынама нәтижесінде мамандар бұл сүйектер бұған дейін беймәлім болған зауроподқа тиесілі деп қорытынды шығарды», - делінген хабарламада.

Жаңа түрге Ingentia prima - «бірінші алпауыт» деген атау берілген.

Ғалымдардың пайымынша, оның бойының ұзындығы 8-10 м дейін, ал салмағы 10 тоннаға дейін жетуі мүмкін.

«Ол триас дәуірінің соңында өмір сүрген, шамамен 210-205 млн жыл бұрын, сол кездің өзінде анатомиялық ерекшеліктері болған және нәтижесінде зауроподтарға тән қасиетке айналған. Атап айтқанда, олар өте ұзын алдыңғы аяқтары мен мойны, сонымен қатар, өте жуан артқы аяқтары мен омыртқа бойында ауа қуыстарының пайда болуы. Сонымен қатар, «бірінші алпауыт» өзімен бірге сол кезде өмір сүрген ірі динозаврлардан ұзындығы бойынша 3 есе үлкен болған», - дейді ғалымдар.

Атап өткендей, бұған дейін палеонтологтар кесірткелерде алыптық юра дәуірінде, осыдан 180 млн жыл бұрын пайда болды деп есептеп келген.

«Шөп қоректілердің дене массасының артуын ғалымдар «эволюциялық жарылыс» деп атап отыр: бұл «вегетариандарға» жырқыштардан қорықпауға мүмкіндік берді және олардың аталған дәуір бойынша жетістікке жетуін түсіндіреді», - деп түйіндеді ғалымдар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер