BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Apple қолданушылар дерегін Қытайға береді

АҚШ-тың Apple компаниясы Қытайдағы қолданушыларының iCloud қызметіндегі деректерін Қытай билігіне бағынышты серверлерге көшіреді. Осылайша Apple Қытайдың сервері шетелде орналасқан қызметтер туралы заңын орындайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Apple клиенттеріне деректерді көшіру туралы хабарламалар таратып жатыр. Қытай серверлеріне мәліметтерін көшіруді қаламайтындар тіркеуден шыға алады. Бұл өзгерістің Қытайдан тыс жерде аккаунттары тіркелгендерге қатысы жоқ.

Қытайлық пайдаланушылардың деректері Қытайдың мемлекеттік компанияларының серверлеріне орналастырылады. Apple-дің айтуынша, «бұл iCloud қызметінің жылдамдығы мен сенімділігін арттырады». Мұндай өзгерістерді сынаушылардың пікірінше, ақпаратты жаңа серверлерде сақтау Қытай билігіне азаматтарының деректерін алу жолын жеңілдетеді.

Қытай заңнамасы билікке интернетте қатаң бақылау орнатып, шектеу жасауға мүмкіндік береді. Билік мұны «кибердербестік» деп атап, интернет бостандығын шектеу «ұлттық қауіпсіздікке қажет» деп айтады.

Қытай заңнамасы бойынша шетелдік компаниялар деректерін мемлекет ішінде сақтауы тиіс және мұндай цензураны айналып өтетін кез келген бағдарламаға тыйым салынған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер