USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Apple дисплейі майысатын телефон шығарады

Келер жылдан бастап дисплейі иілетін iPhone телефондары шыға бастайды, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Американдық компания өкілдерінің айтуынша, аталған компания дисплейі жұқа органикалық жарықдиодты телефондар өндірісін қолға алмақ.

Сонымен қатар жаңа телефондар Самсунг телефондарына қарағанда анағұрлым ірі болады деген жорамал бар.

Басылымның хабарлауынша, OLED дисплейлер iPhone телефондарының санаулы нұсқасына ғана орнатылады. Демек бұл телефондар әдеттегі телефондарға қарағанда қымбаттырақ болуы ғажап емес.

Дереккөз: naryk.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады