BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Апатқа ұшыраған қыз үш күн бойы көмек күткен

Францияда жол апатына ұшыраған қызды полицейлер үш күн бойы іздеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы BFMTV арнасына сілтеме жасап, ria.ru жазады.

28 жастағы Фанни Брюно досының үйінде қонаққа барады да, кешкілік Ford Puma көлігімен үйіне қайтады. Бірақ, үйіне жетпей, орта жолда апатқа ұшырайды.

Содан кейін қыздың жоғалғаны туралы ақпарат тарап, полицейлер оны іздеуге кіріскен. Олар қыздың телефонының сигналы бойынша апат болған жерді анықтап, сол маңайда іздеу жұмыстарын жүргізеді. Бірақ, зардап шегушіні көпке дейін таба алмайды. Із кесушілер тіпті тікұшақпен барласа да, орман арасында жатқан көлікті байқамаған.

Сөйтіп, жоғалған қыз үш күннен кейін ғана табылған. Өзінің айтуынша, ол көлігін басқара алмай, жолдан шығып кетіп, орманның арасына аударылып түскен. Көлік бірнеше рет аунағанымен, сәтін салғанда ол тірі қалады. Бірақ, машинадан шыға алмай, үш күн жатады. Дереккөздің мәліметінше, қазір ол ауыр халде жатқан көрінеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер