BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Аргентиналық азамат Антарктидада қалып қойған 5 ғалымды құтқарды

Антарктида мұзында қамалып қалған америкалық 5 ғалымды аргентиналық мұз ойғыш құтқарып алды. Ғалымдар мұзды материкті зерттеуге аттанып, Жуанвилл аралында қалып қойған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі theguardian басылымына сілтеме жасап.

Мұзды аралдағы суыққа қарамастан ғалымдардың аман қалғаны көпті таңғалдырды. «Альмиранте Иризар» аргентиналық мұз ойғышы аралға барынша жақын келіп, тікұшақ арқылы ғалымдарды құтқарған. Аргентина қарулы күштерінің хабарлауынша, аман қалған ғалымдар өздерін жақсы сезінеді. Жақын арада олар АҚШ кемесіне жеткізілмек.

Айта кетерлігі, Аргентинаның оңтүстігіне жақын маңда орналасқан Антарктида аралы Жуанвиллге ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аттанған. Америкалық «Лоуренс М.Гоулд» мұз ойғышы зерттеушілерді құтқара алмағандықтан, АҚШ Аргентинадан көмек сұрауға мәжбүр болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер